$ 443.35  475.54  4.82

Танымал топтың мүшелері Ерболат пен Есболат Беделхан ата-анасынан айырылды

Үш жігіттің әке- шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

"Орда" тобындағы Ерболат пе Есболат Беделханның ата-анасы қайтыс болды. Бүгінде шоу-бизнесте өз орны бар қос продюсердің әке-шешесі жол апатынан қаза тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл қаралы хабарды отандық белгілі журналист Ришат Асқарбекұлы өзінің Facebook парақшасында естіртті. Оның жазбасына сүйенсек, қос жұлдыздың ата-анасы да әншілер болған.

"Орда" тобындағы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхан деген үш жігіттің әке- шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен. Иманды болсын" , - деп көңілін айтты БАҚ өкілі.

Сондай-ақ, Ерболат пен Есболат Беделханның анасы жағынан туысы Жұбатгүл Самбууқызы бұл хабарды растады.

"Жәмилә апайымыз бен Беделхан жездеміздің мезгілсіз (жол апатынан) дүниеден өтуіне байланысты Қазақстанда тұратын Әбілхан әулетіндегі барлық аға, әпкелерім, Есей аға, Темірбек аға, Гүлнәр әпкем, Назгүл әпкелеріме барша ағайын-туыс, балаларына қайғырып көңіл айтамын" , - деп жазды ол.

Оған қоса, қос жұлдыздың ата-анасының қазасына орай желі белсендісі Есенгүл Кәпқызы да жазба арнаған.

"Алыста жүріп жақын адамынңның қазасын естіген қандай ауыр еді. Қос аққудай қатар жүріп, бірге сахнаны гүл етіп, үнемі көңілді жүретін қайран аға мен абысыным, өмірге тек өнерлі ұлдарды әкелген, әуелі "Орда" боп дүркіреп, кейін "Ninety one" тобының продюсері болған Ерболат Беделханның ата-анасы қайтпас сапарға аттанып кетті дегенді естіп есеңгіреп отырмын. 

Топырақтарыңыз торқа болсын, аяулы жандар. Алла панасына алсын. Бала-шағасы, жақын - жұрағаттарына қайғырып көңіл айтамын. Сахнада қос аққудай бірге жүруші еді. О дүниеге де қол ұстасып бірге аттаныпты, жарықтықтар. Амал жоққа амал жоқ. Бекем болайық" , - деп жазды Кәпқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары