$ 494.87  520.65  4.91

«Отыра алмайтын»: Индира Расылхан тұңғыш қызынан қалай айырылғанын айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

Индира Расылхан тұңғыш қызын 1998 жылы дүниеге әкеліпті.

Эстрада әншісі Индира Расылхан осыдан 21 жыл бұрын тұңғыш сәбиін өмірге әкелгенін, алайда қызының 1 жасқа келгенде қалай шетінеп кеткенін айтып, көзіне жас алды. Бұл туралы ол Қарақат Әбілдинаға берген сұхбатында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Индира Расылхан тұңғыш қызын 1998 жылы дүниеге әкеліпті. Дәрігерлер сәбидің денсаулығының жақсы екенін айтқан. 

"Бірақ қызым 9 айға толса да, дамымай, қолына бір нәрсе ұстай алмай, не отыра алмайтын. Дәрігерге ай сайын апаратынбыз. Олар бәрі жақсы деп қайтара берді. 

Қызымыз 12 айға толғанда Алматыға алып келдік. Сонда қызым реанимацияға түсіп қалды. Әншейінде маған көп қарамайтын. Сол күні маған қарап жымиып күлді де көзін жұмып, кетіп қалды", - деп әнші көзіне жас алды. 

Сондай-ақ өнер иесі екінші күйеуімен де 1 жыл бұрын ажырасқанын, екеуі екі бөлек тұрып көргісі келгеннен осындай шешімге келгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары