$ 494.87  520.65  4.91

«Ата-аналары тойды бірігіп жасауда»: Данагүл Темірсұлтанованың қызы тұрмысқа шықты

Желіде тараған видео кадрларынан танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанова құдаларын ерекше қошеметпен қарсы алғанын байқауға болады.

Актриса Айым Сейтметованың ұзату тойы Алматы қаласында өтуде. Өнер иесінің естен кетпейтін қуанышында көптеген танымал тұлғалар бой көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мерекелік кеш Алматыдағы қымбат мейрамхананың бірінде болып жатыр. Желіде тараған видео кадрларынан танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанова құдаларын ерекше қошеметпен қарсы алғанын байқауға болады.

Сондай-ақ, күйеу жігіт Талғат пен қалыңдық Айымды бір топ өнерпаздар сахналық қойылым арқылы көпшіліктің алдына шығарды.

Желі оқырмандарының пікіріне сенсек, екі жастың ата-аналары тойды бірігіп жасауда. Себебі, Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова және олардың туыстары бірден ақ жол төсеп, Айымды қыздардың сыңсуымен күйеу баласының қолына табыс етті.

Ұзату шарасы мейрамхананың жазғы алаңында өтті. Ал үйлену тойы аталған мекеменің ішінде ұйымдастырылған.

Той залына кірген екі жастың қонақтар алдында некелері қиылып, жүзіктері тағылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Айым Сейтметоваға сырға салынып, актриса өзінің ұзатылар рәсімін ерекше стильде атап өткен еді. Кейін Айымның анасы Данагүл Темірсұлтанова қызының жасауын көпшілікке көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары