Ақтөбеде өткен ақындар айтысына домбырасын алып, ақын Ринат Зайытов та келді. Оның дүбірлі додаға қатысатыны осыған дейін хабарланған. Алайда ол айтыскер ретінде емес қазылар арасында отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ринат Зайытов сайлаудан кейін ел алдында көрінбей кеткен.
Ақынның келетінін естіген халық оның сахнаға шығуын күткен. Бірақ Ринат сахнада емес, әділ-қазылардың қатарында отырды. Ақын тек айтыстың соңында ғана өлеңін оқыды.
Сонымен қатар, Ақтөбедегі айтысқа арнайы шақырту алып, "келем" деп уәде берген бірнеше ақынның келмей қалғаны болды.
"Біраз ақынымыз себептерін өздері біледі, келеміз деп келмей қалды. Оларды Алла кешірсін, әруақ ренжімесін. Әулиелердің сөзі бар: "Құдай ұрған оңалады, әулие ұрған оңалмайды". Әулие бәрін кешірсін, бір себептері болған шығар. Олар келмегенімен, басқалары ешкімді жоқтатқан жоқ", - дейді ақын Светқали Нұржан.