"Өзен" фильмі "Мәскеу премьерасы" фестивалінде гран-при және Ресей киноклубтарының жүлдесіне ие болды
"Мәскеу премьерасы" фестивалінде қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің "Өзен" фильмі екі бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Халықаралық кинофестивальдің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында 3 қарашада өтті. Салтанатты шарада әділ қазылар алқасының шешімімен режиссер Эмир Байғазиннің "Өзен" фильмі " фестивальдің гран-при жүлдесіне ие болды.
Биыл халықаралық "Мәскеу премьерасы" фестивалі 29 қазан мен 3 қараша аралығында "Горизонт" кинотеатрында өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Молдова, Украина, Грузия, Латвия, Эстония, Ресей және тағы басқа елдердің кинематографистері қатысты.
Сондай-ақ, Ресей киноклубтарының өкілдері кинофестивальдің әділ қазылар мүшелерінің қосалқы құрамында болды. Олар "Өзен" фильмін үздік деп таныды.
Халықаралық фестивальде режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі, режиссер Әділхан Ержановтың "Риэлтор" фильмі көрсетілді. Бұл кинотуындыларды жұрт конкурстан тыс уақытта тамашалады.
Сонымен қатар, конкурста "Өзен" фильмі де көрермендерге жол тартты. Осыған дейін қазақстандық режиссердің бұл фильмі 75-рет ұйымдастырылған Венеция кинофестивалінде үздік режиссерлік жұмыс үшін "Алтын арыстан" жүлдесіне ие болған.
"Мәскеу премьерасы" фестивалінде жас режиссерлердің де фильмі көрсетілді: Зоопарк" (Эльдар Шибанов) және "Самал" (Шұғыла Сержан).
Дереккөз: sputnik.kz