Мегажұлдыз Димаш Құдайбергеннің өнерін жарты күннің ішінде 120 млн тамашалаған, деп хабарлайды SN.KZ ақпарат порталы.
Бұл туралы әнші өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Weibo деп аталатын (қытайлық инстаграмда) The masked singer бағдарламасында көрсеткен өнерім 12 сағат ішінде 120 млн көрілім жинады. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», - деп жазды әнші.
Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің 10 желтоқсанда Нью-Йоркте өтетін концертіне билеттердің сатылып кеткенін жазған болатынбыз.