$ 494.87  520.65  4.91

«Абыройыңды айрандай төктің ғой»: Ерке Есмахан мен Гүлназ Жоланованың әрекеті жұрттың ашуына тиді

Әнші өзінің insta-stories жазбасына Жолановамен жабысып түскен фотосын жүктеп, «У нас итальянская любовь», – деп жазған.
Фото: shownews.kz
Фото: shownews.kz

Күні кеше Еркемен өнердегі құрбысы Гүлназ Жоланованың лифттегі әдепсіз әрекеті әлеуметтік желідегілерге жақпай қалды, деп хабарлайды Shownews.kz порталы.

Әнші өзінің insta-stories жазбасына Жолановамен жабысып түскен фотосын жүктеп, «У нас итальянская любовь», – деп жазған.

Суреттерден аңғарғанымыздай, қос өнер иесі дәл қазір Италия мемлекетінің, Флоренция қаласында саяхаттап жүр. Әйтсе де, Еркенің дәл осы суреті Instagramдағы фан-парақшасында талқыланып, құрбылардың бұл қылығы желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар сылқымдарды әбден сынның астында алған.

 «Ерке намысың қайда? Қасықтап жинаған абыройыңды айрандай төктің ғой», «Махаббаттарың  құрысын, не істеп тұрсыңдар», «Күз мезгілі әсер еткен ғой» , «Ерке, лесбиянка боп кеткенсің бе?»- деп жазды әлеуметтік желідегілер.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын Ерке танымал тележурналист Асхат Садырбайға тұрмысқа шыққан. Алайда, ерлі-зайыптылар көп ұзамай ажырасып кеткен еді. Бүгінде экс-жұптың ортақ некесінен Мүслім есімді ұл өсіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ерке Есмахан