18.11.2019, 09:30

"Әкім" елдің қамын жемейтін депутаттардың арам ойын әшкере қылды

фото: Brod.kz
Бұл фильмге министрлік тыйым салуға батпаған сияқты.

Нұртас Адамбайдың "Әкімін" көрген Жарқын Жұмаділов өз ойын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Фильмде әзілмен көп ауылдың қазіргі ахуалын "Таза бұлақ" елді-мекенімен жақсы көрсете білген. Біздің қоғамдағы ағашизм дертін де дөп басқан. Аудандық мәслихаттың депутатымен екіжүзділік пен өз еліне жаны ашымайтындарды аймандай еткені ұнады.

Нұртастың түпкі ойы дұрыс. Жаңа буынның арасында таза, өз ісіне адал мамандардың жоқ емес екенін айтуы өте орынды. Ең басты месседжі – ауыл түгілі, региондарға барғысы келмей, резко өскісі келетіндерге жол сілтеу деп түсіндім, деп жазды ол twitter парақшасында.  

Тегтер: ауыл екіжүзді