$ 494.87  520.65  4.91

«Қолынан ұстамайсың» деді»: Айдар Тұрғамбек қыз ұзатты деп сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Ол "Қарындасқа тілек" деген әнді осыдан он жыл бұрын жазған.

«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек соңғы кездері қыз ұзатып, көптің сынына ұшырай бастады. Десе де өнер иесі бұл бастамасының қазақтың салт-дәстүріне мүлде қайшы емес екенін айтып, өкінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші "Қарақтпен шай" бағдарламасында бұл идеяның қалай келгенін айтты.

"Әр адамның өз ойы, өз пікірі бар. Жалпы бұл өрескел салт бұзушылық емес. Салт бұзған жоқпын. Мысалы, қыз ұзатуда айтылатын әнді алайықшы. Бәрін ер адамдар айтады. Ағалары қарындасына, әкелері қызына айтады. Біз де ес білгелі осы әндерді білеміз. Бірақ, әйел адамдардың айтқанын естімегенбіз.

Мен "Қарындасқа тілек" деген әнді осыдан он жыл бұрын жазғанмын. Әнді жазып қойдым. Бірақ, оны бәрі айтып жүр. Мен ән жазып, клип түсірдім. Көп шығындалдым. Бірақ, оны басқа біреулер пайдаланады да. Бүкіл Қазақстанда оны бизнес қылып алды. Сосын бір күні бір қарындасымыз танысым арқылы хабарласты. Менi баяғыдан ұзатады деп ойлап жүр екен.

Мен шынымен, ұзатамын деп ойламадым. Той ортасында ән айтып кетемін деп ойладым. Тойға барған кезімде, маған соңында қызды алып шығуым керек екенімді айтты. Мен келіспедім. Сол кезде той асабасы маған "Сен қолынан ұстап, алып шықпайсың. Шетінде ағалық тілегіңді айтып тұрасың" деді. Басында ұялдым. Бұған дейін ешкім олай істемеген. Сосын, келісімімді бердім. Той Алматыда өтті" , - деп есke алды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары