24.11.2019, 20:10

Заттыбек эстрада жұлдыздарын Шымкентке жинады (ФОТО, ВИДЕО)

Фото: Абай Бегейдің Instagram парақшасынан
Әнші Бихан есімді атұстарының тұсау кесер тойына 500-ге жуық қонақ шақырған.

Танымал әнші, "хит" әндердің орындаушысы Заттыбек Көпбосынұлы қырықтан асқанда көрген ұлының бір жас тойын дүркіретіп өткізді. Мерекелік кеш Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Бихан есімді атұстарының тұсау кесер тойына 500-ге жуық қонақ шақырған.

Мерекелік кеште алаштың ардақты азаматтары, ел ағалары, эстрада жұлдыздары, белгілі сазгерлер, театр саңлақтары, әзіл әлемінің арландары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, көк туымызды желбіретіп жүрген спортшылар бой көрсетті.

Олардың арасында Қалдыбек Құрманәлі, Досымжан Таңатаров, Арман Бексұлтан, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Ғани мен Бота, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Еркін Нұржан, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, "Алдараспан", "Шаншар" театрларының жетекшілері мен әртістері, Асхат Садырбай, Фархат Байырбекұлы, Арман Оспанов және тағы басқа танымал тұлғалар болды.