$ 494.87  520.65  4.91

«Хит әні жоқ, жатып алды»: «Азия» мен «Бақай» топтары «Жыл таңдауы – 2019» жүлдесіне лайық емес пе?

«Төрт жылдан бері болып жатқан іс-шара. Бірақ, бізді неге шақырып қалды деген әңгіме де. «Азия» мен «Бақай» тобын. Сонда тек хит болған әндерді, тек хит болған әншілерді шақыра ма сонда деген сұрақ туындайды», – дейді «Азия» мен «Бақай» топтары.
фото: Alashainasy.kz
фото: Alashainasy.kz

Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылатын «Жыл таңдауы» премиясына «Азия» мен «Бақай» топтары наразылық танытуда. Қос ұжым «Опмай-опмай» әні шыққанға дейін аталған жүлдеге қатыспаған. Биыл ғана жолдама алған жігіттер жоба авторларының әрекетін түсіне алмай әлек, деп хабарлайды Shownews.kz.

«Жыл таңдауы» Ұлттық музыкалық жүлдесі биыл төртінші мәрте жалауын көтереді. Аталмыш премияның қарсаңында әртістер арасында түрлі түсініспеушіліктер туындауда.

«Төрт жылдан бері болып жатқан іс-шара. Бірақ, бізді неге шақырып қалды деген әңгіме де. «Азия» мен «Бақай» тобын. Сонда тек хит болған әндерді, тек хит болған әншілерді шақыра ма сонда деген сұрақ туындайды», – дейді «Азия» мен «Бақай» топтары.

Фото: Vkmusic.kz

Иә, дәл солай! Биыл «Азия» мен «Бақай» таңдаулы жобаға жолдама алған жұлдыздардың тізімінде. Осыдан он бес жыл бұрын отандық шоу-бизнеске алғашқы қадамын жасаған қос топ, аталған уақыт аралығында елге еңбек еткендерін айтады. Бірақ бұл бойзбендтерге бірде-бір марапат бұйырмапты. Наразылық танытқан ұжымның сансыз сауалын премияның бас продюсері Жан Мұқановқа жолдаған едік.

«Қанша жұмыс істесе де, қанша клип жасаса да әртістерді ол үшін шақырмаймыз. Тек қана хит әні болу керек», – дейді Жан Мұқанов.

2019-да хит шерулердің көшін бастаған «Опмай-опмай» орындаушылары «Жыл таңдауы» ұлттық жүлдесінің ұстанымын енді түсінгендей.

«Жарайды, 15 жыл бойы келе жатырмыз. Ұмытып кетіп жатса, өзімізді кінәлауы мүмкін. Ештеңе жасап жатқан жоқ, осы уақытқа дейін жатып алды. Демек, көзден кетсе, көңілден де кетесің деген сияқты», – дейді «Азия» тобы.

Фото: Stan.kz

Тек таңдаулылар бой көрсететін жоба авторларына танымалдар тарапынан жолданатын сұрақтардың легі көп! Мәселен, жастар жылының аясында ұйымдастырылған ұлттық премияға әнші Әміре ілікпепті.

«Мен жас әнші болсам да менің өнерімді тамашалағысы келеді. Сондықтан, мені шақырса, қуана-қуана баратын едім.  Ол жобаға мені шақырған жоқ. Оны жасыратын ештеңесі жоқ. Тізімде сондықтан жоқпын мен», – дейді Әміре.

Ал, «Жыл таңдауына» жас орындаушылар қалай іріктелді? Жоба жетекшісінің жауабы дайын.

«Тек қана хит әншілер!  Бұл жерде тек қана хит әншілер болу керек, хит әндер болу керек. Біз екі-үш баланы алдық жаңадан бастап келе жатқан. Хит әні жоқ әншілер бұл жерде жоқ негізі», – деп «Жыл таңдауы» премиясының бас продюсері қысқа қайырды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Азия #Бақай