$ 448.15  483.46  4.86

«Малдық дәрежеге түскің келмейді»: Бағлан Әбдірайымов «күнә жасаған» күндерін еске алды

Адамның тәні семірген кезде,  "менің тәнім семірген, мен күнәһармын,  менің осындай айыбым бар, мен өтірікшімін" деп  адамдар айта алмайды.

 Казинода карта ойынына қомақты қаржы тігіп, ұтылып қалған "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов азарттың соңы - азап екендігіне көзін жеткізген.  Қателік істеп барып, қателеспеу керектігін енді ұққан ол, қоғамдағы өзекті мәселер жайлы ойын ашық айтты. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
 
  Картадан ұтылып,  жұрттан қарыз сұрап, өтірікші болып кеткен күндерін еске алған Бағлан Әбдіраймов  жеке басының қателіктер жайлы "Qajet" тәуелсіз жастар арнасына берген сұхбатында айтты.

 "Біз қазақша сөйлеп,қазақ бола тұра "Мойындау - ерлік, тәртіпке бағынған құл болмайды" деген секілді сөздердің мағынасын байыбына барып түсіне бермейді екенбіз. Бірақ, сөз жүзінде сөйлей береміз.

Үйде отырып, күніге бір мақал-мәтелдің мағынасын ашамын, деп ойлағанмын. Бірақ, сіңіре алмайды екенбіз. Сауатсыз ба, сондай... Былтыр Аман Тасығанға берген сұхбатымнан кейін осы сөздің мағынасын түсіндім. Арқамнан жүк түскендей жеңілдеп қалдым.

 Адамның тәні семірген кезде,  "менің тәнім семірген, мен күнәһармын, менің осындай айыбым бар, мен өтірікшімін, мен алқашпын" деп  адамдар айта алмайды. Өйткені, намыстанады. Бұл жалған намыс. Себебі, нәпсісі әбден семірген. Яғни, адам осындай  нәрселерді мойындаған кезде, шыны керек өзіңнің де көзің ашылады.

 Мысалы, Аллаға мен бейшара екенмін, мен адастым деп  мүсәпір, Құдайсыз ештеңе емес екендігіңді мойындайтын болсаң, саған міндетті түрде Алла Тағала жол көрсетеді екен", -  басынан өткен жайттардың шетін ақтарды.

 Мұнан бөлек, әнші тойға барғанда үлкен кісілер балаларының, немерелерінң тұсауын кестіріп, аузына түсіріп жататындығын  айтып, сондай сәттерде "Мен осындай игі іске лайықпын ба?" деген ой маза бермегенін  жарияға жар салды.

 Ішкі толғаныстарын бөлісе келе  Бағлан: "Ішімнің бәрі жын-жыпырға толып тұрған кезде, ар жақта ұят деген нәрсе ұстап тұрды ғой. Мен бұған лайық емеспін, басқа кісілерге түкіртіңіз, басқа кісілерге кестіріңіз деп айтқым келді", - деп ұятының жібермеген сәттерін күліп еске алды.

Фото: Экспресс К
 
Сондай-ақ, жүргізушінің "Қазір құмар ойын ойнауды қойдыңыз ба, әлде хайп жасау үшін өз әрекеттеріңізді дүйім жұрттың алдында мойындадыңыз ба?", - деген сұрағына: 

"Малдық дәрежеге түскің келмейді" деп құмар ойынды біржолада доғарғанын,  соның арқасында тәубеге келіп, көп ізденіп, кітап оқып, авторлық кітабын жазып бітіргенін жеткізді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары