$ 498.34  519.72  4.85

«Екі жұлдыз» ән байқауы өтті

Университет оқытушылары мен студенттердің арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту, талантты да өнерпаз жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың шарты бойынша әр институттан бір оқытушы және бір студент қатысуы қажет. Байқау үш кезеңнен тұрады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Оған аталған университеттің жеті институтынан 7 жұп қатысып, бақ сынасты. 

Университет оқытушылары мен студенттердің арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту, талантты да өнерпаз жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың шарты бойынша әр институттан бір оқытушы және бір студент қатысуы қажет. Байқау үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең – халық әні, екінші кезең – заманауи ән, үшінші кезеңде ұлттар биі.

Жастардың өнеріне баға беріп, әділқазылар ортасында отырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Дарын» сыйлығының иегері Ержан Қосбармақов:
– «Екі жұлдыз» байқауы көпшілікке телевизиялық нұсқасы арқылы мәлім. Оған, тіпті, депутаттардың да шыққанына куә болғанбыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген құндылықтарымызды қайта тірілтіп жатырмыз ғой. Жастардың өнеріне сүйсініп отырдым. Қазақ өнерінің қолдаушысы барда ұлттық өнер ешқашан жойылмайды, қайта қанатын кеңге жаятыны сөзсіз. Мұндай байқау қызықты, тартысты өтуі үшін оқу орнының басшылары қатысса деген ұсынысым бар. Бағдарламаға ұлттық құндылықтарды, қазақи дүниелерді көбірек қамту керек. Жалпы айтқанда, мен жастардың өнеріне қанағаттандым, мұны өзге оқу орындары іліп әкетсе жақсы, – деді.

Осылайша, жастардың белсенділігіне, өнеріне риза болдық. Студент-жастардың өз-өзін дамытуы, жан-жақты ізденуі, өмірге құштарлығы сүйсінтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары