$ 446.49  475.38  4.79

Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы аясында концерт өтті

Кешке Б.Ысқақ, А.Үлкенбаева, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, Х.Қапизов, Т.Хайралиев, Ә.Рахымжан, А.Жайым, А.Әбілда, Ш.Тыныштық сынды өнер майталмандары қатысты.

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматыдағы «QURMANGAZY ORKESTRI» концерт залында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Жайымовтың «Еркін елім» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Кешке Б.Ысқақ, А.Үлкенбаева, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, Х.Қапизов, Т.Хайралиев, Ә.Рахымжан, А.Жайым, А.Әбілда, Ш.Тыныштық сынды өнер майталмандары қатысты.

Айтқали Жайымов - «Ереуіл атқа ер салмай», «Шалқыма», «Отпан тау, «Толғау», «Балдәурен», «Мен сәлем жазамын», «Кемеңгер Құрманғазы» және т.б. оркестрге арналған шығармалармен күйлер, ондаған романс, әндер, хорлармен бірге жеке домбыраға арналған 30-дан астам күйлері мен әртүрлі аспаптарға жазылған пьесалардың авторы. 

Сонымен бірге ол, Халық композиторлары Қорқыт, Кетбұға, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Махамбет, Тәттімбет, Абыл, Есір, Байсерке, Қартбай, Қазанғап, Сейтек, Сүгірдің күйлерін, Қазақстан және шет ел композиторларының көптеген шығармаларын халық аспаптары оркестріне лайықтап түсірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары