$ 494.87  520.65  4.91

«Кім не естігісі келсе, соны естиді»: Ерболат Беделхан «91» тобының әндеріндегі ұятсыз сөздер үшін жауап берді (ВИДЕО)

"91" тобының "Олар" әніндегі "Олар түсінбейді, жалпы олар деген кімдер?" деген Аман Тасығанның сұрағына "Сізді әйеліңіз  де түсінбей қалуы мүмкін" деп байыпты үн қатты.

Атушулы топтың "91" тобының продюсері Ерболат Беделхан "Talklike"  бағдарламасында белгілі журналист Аман Тасығанға  сұхбат берді. Жақындарының қазасынан кейін ел алдына шығып ауқымды сұқбат берген өнер иесі шығармашылық жобалары жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Жүргізушінің жанды жеріне тигізе, "Қас пен көздің арасында ата-анаңыздан қалай айырылып қалдыңыз? Ол қиындықты қалай жеңдіңіз?" деген ыңғайсыз сұрағына: "Кәсіби әртіс болғандықтан өлім болып жатса да сахнаға күліп шығуың керексің. Әке-шешем осы қағиданы санама 5 жасымнан бастап салып кеткен. Жұмысқа келгенде әрине оның бәрін көрсетпеуің керек", - тағы да кәсіби маман екендігін көрсетті.

  Қарамағында шығармашылық жұмыстарын жүзеге асырып жүрген "91" тобының бүкіл  тректері балалардың өз еңбектерінің жемісі екендігін  де алға тартты.

 "91" тобының "Олар" әніндегі "Олар түсінбейді, жалпы олар деген кімдер?" деген Аман Тасығанның сұрағына "Сізді әйеліңіз де түсінбей қалуы мүмкін" деп байыпты үн қатты.

Сондай-ақ, өнерде дүмпу туғызған топтың ән мәтіндерінің арасында анайы, дөрекі, ұятсыз сөздердің қолданылуы туралы сұрақтарға жауап беруден жалтармады. Ән сөздеріне байланысты "Кім не естігісі келсе соны естиді" деп қысқа қайырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары