Танымал композитор Бауыржан Есебаев сахнаға шығу үшін түрлі қадамдарға баратын арулардың әрекетін әшкереледі. Сазгердің сөзінше хит әнді еншілеу үшін әнші қыздар төсек қатынасына да шақырған, Shownews.kz деп хабарлайды ақпараттық порталы.
Қайрат Нұртастың «Арман» атты хит әнінен кейін Бауыржан Есебаевқа ұсыныстар көптеп түсе бастаған. Бірге жұмыс жасайық деп бас сауғалап келгендердің басым бөлігі – нәзік жандылар. Тіпті өнерге тәй-тәй басқан сылқымдар тез танылуда сазгерге төсек қатынасында ұсынған .
«Маған әнге айырбас ретінде төсек қатынасын ұсынған қыз-келіншіктер болды. Бірақ, мен олардың ұсынысынан бас тарттым. Жас кезімде сондай ұсыныстармен қыздар жиі келетін», – деді Бауыржан Есебаев.
Айгүлдің де отандық эстрададағы жұлдызын жаққан Бауыржанның әні екенін жұрт жақсы біледі. Иманбаева да оны жоққа шығармайды.
«Бауыржан менің композиторым ғой. Мені хит қылған сол кісі ғой. Әркім өзі үшін жауап берсін. Әркімнің тағдыры өз жолы бар. Әркімнің өресі бар. Мен енді біреу үшін жауап бермей-ақ қояйын. Ол деген бір артық дүние шығар. Өзіміз маңдай термен, адал еңбекке сеніп алған адаммын. Тіпті қасыңда ер адам бар ма, жоқ па? Тіреуі бар ма, жоқ па дегенге қарамайсын. Таза еңбекке бет бұрып алған адамдармыз ғой», – деді Айгүл Иманбаева.
Шоу-бизнестегі талай сұлуларға ән жазып бергендердің бірі – Арман Дүйсенов. Сазгерге қиыла қараған қарындастарынан дәл осындай ұсыныс түскен бе?
«Кейбіреулер енді піш-піштап бірдеңелер айтып жатады. Өзім көзіммен көрмегеннен кейін қайтіп айтамын. Менің жеке басымда ондай нәрсе кездескен жоқ. Ал енді біреулерге кездескен болса, өзі біледі. Ал, маған енді оншалықты келіп жаңағыдай қылық болған жоқ. Және де болмайды да шығар деп ойлаймын», – деді Арман Дүйсенов.
Осыдан жиырма жыл бұрын сахнадағы алғашқы қадамын жасаған Зарина да шоу-бизнестегі мұндай жағдайдың барын жасырмады. Алайда, танымалдылығын артыруда жасалатын анайы қадамдарға ерлер қауымын кінәлап отыр.
«Енді, қазір заман басқа. Неше түрлі нәрсе болып жатыр. Бір жағынан қыздардың өздерінен де бар. Ер адaмдардан да бар деп есептеймін. Бірақ, оның бәрі дұрыс емес. Бәрі бір сахна, бір мәдениет. Сол себепті дұрыс жүру керек деп есептеймін», – дейді Зарина Омарова.
Төсек арқылы танымалдылығын арттыру театр сахнасы мен кино әлемінде де бар деседі. Анығын білу мақсатында отандық актрисаларға төтесінен сауал жолдаған едік.
«Мен ондайды қалай ұсынам айтыңызшы. Ондай мүмкін емес. Болмайды да. Және де маған ондай әңгіме келген емес. Сондықтан білмеймін енді қазір ондай жағдай бар ма, жоқ па?» – деді актриса, Жанель Мақажан.
Иә, қазақ өнерінде мұндай мәселе айту ұятқа баланса, Голливуд жұлдыздары үшін үйреншікті жағдай. Мәселен, актриса Эмили Уотсон, Шарлиз Терон, «Мстители» фильмінде басты рөлдердің бірін сомадайтын Ума Турманның да жұлдызы төсек арқылы жанған.