07.12.2019, 10:44

Димаш Құдайберген жаңажылдық кеште келбетін түбегейлі өзгертеді (ФОТО)

Оның жаңа образынан көрермендер ертегі әлеміне саяхаттағандай күй кешетіні анық.

Қазақстандық әнші Димаш жаңажылдық кеште жаңа кейіпке енеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Димаш «ақ боз атты ханзада» кейпіне енетінін өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Оның жаңа образынан көрермендер ертегі әлеміне саяхаттағандай күй кешетіні анық. 

«Ресейдің жаңа жылдық түсірілімдерінде мен ханзаданың рөлін сомдаймын. Өзіңді ханзада сезіну – өзгеше сезім сыйлайды екен. Жаныма майдай жағып жатыр», - деп бөлісті Димаш.

Әнші тағы бір сырымен бөлісті. Қытайдағы жаңажылдық кеште ол өзін сомдап шығады екен.

«Бұл жақсы болды, өзіңді сомдау – басқа рөлдерге қарағанда әлдеқайда жеңіл», - деп ағынан жарылды Димаш.