07.12.2019, 23:00

Танымал әнші, көпбалалы ана Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Фото: stan.kz
Әрі қарай ол Алла қаласы бұл нәрестенің де өз несібесі барын айтты.

Динара Сұлтанның отбасында тағы да қуаныш. Әнші алтыншы баласын дүниеге әкелмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сурая - дүниеге келгенде, мен танымалдылық шыңында болдым,халықаралық конкурстарда жеңіп, Динара Султан болып елге танылдым. Сара - дүниеге келгенде, мүлдем басқа өмір басталды,Шетелге көшіп, басқа елдің дәстүрімен таныс болдым. Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді. Мұса - дүниеге келгенде, үш қыздан кейін аңсаған ұлымызды қойнымызға алдық, елге оралып, армандап жүрген жаңа баспанамызды алдық.

Мәди - дүниеге келген кезде, он жыл бойы түскім келген оқуға түсіп, осы жылы магистрант атанам, сабақ беруге әбден құқығым болады сол жылы өз шығармашылығыма оралып, «Жұлдызды Жекпе-Жекті» ұтып, жаңа аппақ көлікке ие болдым. Ақ көйлек киіп, той жасадық», - дейді әнші. 

Әрі қарай ол Алла қаласы бұл нәрестенің де өз несібесі барын айтты. 

«Алдымыздағы жыл жаңа проект пен қызықтарға толы. Дүниеге келген сәби - ол жаңа өмір, жаңа тыныс, мен үшін үлкен стимул. Күміс алқасы бар аналарды белгіле», - деді әнші. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде оны құттықтап, аман-есен аяқ-қолын бауырына алуына тілектес екенін жеткізді.