$ 444.22  476.38  4.82

Әнші Мәдина Сәдуақасова «адам танымастай» өзгеріп кетті (ФОТО)

Сәдуақасова өзінің жаңа суреттерін жақын адамдарына көрсетіп шыққан.
Фото: kaz.nur.kz
Фото: kaz.nur.kz

Айрықша стильдегі жаңа фототүсірілімін көпшілікке ұсынып жүрген Мадина Сәдуақасова кезекті суретімен бөлісті. Әншінің сан түрлі образдары желі қолданушалары арасында қызу талқыға түсіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәдуақасова өзінің жаңа суреттерін жақын адамдарына көрсетіп шыққанын алға тартты.Оның жазуынша, анасы мен жұбайы және құрбылары Мадинаның образына әр түрлі баға берген.

"Мамама көрсетсем, бірден шығып тұрған ұзын тырнақты көрді, ( қысқарттым), құрбыма көрсетіп едім: " Уау, шикарна!"- деді, күйеуім: " Макияжың сені адам танымастай өзгертті", - деп жатыр, өнердегі әріптесім: "Не деген гәрәмәт фото, ерекше стиль, қойылған свет, сенің тұрысың күшті", - деп мақтады", - дейді әнші.

Сонымен қатар, Мадина өзінің оқырмандарының да пікірін білгісі келетінін жеткізді. Әншінің жазылушылары оған өз пікірлерін қарша боратып жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары