$ 445.66  474.58  4.78

Әкесі ұзатылып бара жатқан қызын билеп шығарып салды (ВИДЕО)

Бейнежазбада аңғарғанымыздай, ән шырқап тұрған Айдар ұзатылып бара жатқан қыздың әкесінің әрекетіне таң қалып, күлкіден "жарылайын" деп тұр.
Фото: А. Тұрғамбектің Instagram парақшасынан
Фото: А. Тұрғамбектің Instagram парақшасынан

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек Instagram желісінде "қызықтың көкесі кеше болды..." деп видео жариялады,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы.

Бейнежазбада аңғарғанымыздай, ән шырқап тұрған Айдар ұзатылып бара жатқан қыздың әкесінің әрекетіне таң қалып, күлкіден "жарылайын" деп тұр.      

Өз таңданысын жасыра алмаған әнші "Қызықтың көкесі кеше болды. Қарындасымызды ұзатып, елдің көңілі босап, қимай тұрса, көкем биді басты. Мен өзімді зорға ұстап тұрмын. Негізі жылап шығарып салғаннан, осы дұрыс ааааау" деп видеоның астына жазба қалдырған.

Мұны көрген желі қолданушыларының бірі "көкеміз ішіп алған" деп жатса, екінші бірі "көңілді адам екен" деп өз пікірлерін қалдыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары