$ 494.87  520.65  4.91

Өскемендік бишілер Мәскеудегі хореографиялық ұжымдардың үздік бестігіне енді

Би студиясы Мәскеудегі жарыста Өскеменнің ғана емес, тұтас Қазақстанның атынан өнер көрсетті.

FLASH студиясының қатысушылары Мәскеуде өткен PROJECT 818 заманауи хореография чемпионатына қатысып, бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, altaynews.kz-ке сілтеме жасап.  

Өскемендіктер көрші елдің жарысына қатысуды бұрыннан армандаған. Алайда, оны жүзеге асыру оңайға соқпады.  

«Оқушыларымыздың ата-аналары балаларын өзге қалалардағы байқауларға қатыстыруға тырысады. Алайда, отбасылық қаражаттың жетіспеушілігінен не қатысудан бас тартады, не ұзақ уақыт ақша жинауларына, не несие алуларына тура келеді. Қуанышқа орай, бұл жолы ондай қиындықтар туындамады. Чемпионатқа баруға бізге жергілікті компания демеушілік жасады. Соның арқасында біз 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған топ құрып, жарысқа аттандық», - дейді FLASH би студиясының көркемдік жетекшісі Марина Серохвостова.  

Би студиясы Мәскеудегі жарыста Өскеменнің ғана емес, тұтас Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша өскемендік бишілер қатысушылар рейтингінде 5-орынға жайғасты. 

«Қарсыластарымыз мықты болды. Мәскеулік ұжымдардың өнері мені тәнті етті. Мұндай шеберлермен жарысып, үздік бестікке ену керемет көрсеткіш деп білемін. Қазылар алқасының оң бағасына ие болып, талай мақтаулар естідік. Мұның барлығы балалардың ары қарай дамуларына негіз болады деп ойлаймын» , - деді хореограф.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жеңімпаздар