Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері белгілі опера әншісі актриса, педагог Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Тengrinews.kz қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери қызметшілерді үйінде қабылдаған әнші жас кезінен-ақ әскери адамдарға деген көзқарасының жылы екенін айтты.
"Сіздердің мамандықтарыңыз оңай емес, оны жас кезімнен-ақ білемін, тіпті өз басымнан өткергем деп айтсам да артық емес. Германияда танкке шыққан едім, фотосуреттері де бар. Өмірімнің қуанышты да сәтті кезеңдері армиямен байланысты. Құттықтауларыңызға көп рахмет! Дендеріңізге саулы, бастарыңызға амандық тілеймін. Қызметтеріңіздің ауыр да, қауырт екенін біле тұра уақыттарыңызды алмайын", - деді өз қуанышын жасыра алмаған әнші.
Айта кетерлігі, Бибігүл Төлегенова бүгінде көзі тірі қазақстандықтардың ішінде КССР Халық әртісі, "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған жалғыз әйел.