Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі Атырауға күйеу бала болды. Әлеуметтік желіде оның үйленгендігі туралы ақпараттар тарап кетті. Ол жас қызды құда түсіп алғанға ұқсайды.
Екі әйелін тастап кеткен режиссердің тағы да отбасы құрғанын желі қолданушылары қызу талқыға салып жатыр.
«Бес баланың көз жасы қайда жібереді дейсің», «Екі әйеліне опа бермеген, моральды азғынданған әртіс енді кімді жарылқар дейсің», - деп жазды олар.
Желіде Сәбиттің үшінші жары актриса екені де айтылып жатыр.
Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан 1 ұлы, Алтынай Жорабаевадан 4 қызы бар.