20.12.2019, 20:10

Эстрада жұлдыздары Алматының бас шыршасын жақты (ВИДЕО)

Күні кеше Алматы шаһарының бас шыршасы жағылды. «Астана» алаңынан орын тепкен жаңа жылдың негізгі нышаны, 20 метрді құрайды. Дәл осы  салтанатты шараның бел ортасында отандық шоу-бизнестің өкілдері де бой көрсетті.

Еліміздің шоу-бизнес өкілдері Алматының бас шыршасын жақты. Жаңа жыл мейрамының негізгі нышанын көрген KeshYou тобының қыздары ностальгияға бөленді деп хабарлайды Shownews.kz ақпарат порталы. 

Күні кеше Алматы шаһарының бас шыршасы жағылды. «Астана» алаңынан орын тепкен жаңа жылдың негізгі нышаны, 20 метрді құрайды. Дәл осы  салтанатты шараның бел ортасында отандық шоу-бизнестің өкілдері де бой көрсетті. Алып шыршаны жағуға ат салысып, қала тұрғындарын ерекше көңіл-күйге бөлеген Renzoлықтар, 2020 жылды топпен бірге қарсы алуға ниетті.

«Жаңа жыл келіп қалды. Шырша жағылды. Көңіл-күй өте тамаша. Енді бұл мерекені әркім әрқалай тойлайды ғой. Барынша отбасымызбен қарсы алуға тырысамыз. Былтыр балалармен салтанатты шарада қарсы алдық. Құдай қаласа, осы жылы да топпен бірге тойлайтын шығармыз» -дейді boysband.

Жасыл шыршаның жағылғаны KeshYou тобының сылқымдарына жылулық сыйлап, балалық шақтарын еріксіз еске түсірді.

«Кішкентай кезімізде аяз атаға қатты сендік. Хат жазып, шыршаға жанына қоятынбыз. Бірақ таңертең тұрсаң, жазған хатыңның орнында сыйлық тұрады. Қазір қарасам, күлкілі. Сеніп, күтіп, кәдімгідей күшті қарсы алатынбыз», – дейді KeshYou тобының мүшесі.

Ал әдетте жаңа жылды отбасымен қарсы алатын EQ-ліктер, биыл бұл мейрамды жырақта тойлауды жоспарлап отыр.

«Әр адам жақындарымен қарсы алғысы келеді. Бірақ біздің отбасымыз алыста. Ақтөбе, Атырау қалаларында. Бірақ Алматыда да отбасымыз бар. Сондықтан командамызбен таулы жерлерде қарсы алмақпыз. Өйткені Алматы ерекше жаңа жылдың отаны деп ойлаймыз», -дейді Qpop өкілдері.

Alem Band-тің жігіттері болса, мерекелік отырысты отбасымен де, достарымен де өткізуді жоспарламайды. Себебі boys band-тің жаңа жылдық кештегі кестесі тым тығыз.

«Біз көбінесе сахналарда, мерекелік кеш-шараларда жүреміз. Кішкентай кезімізде ата-анамыздың жанында болдық. Енді өсе келе үнемі отбасымызбен қарсы аламыз деп айта алмаймыз», – дейді топтың мүшесі Еркеш.