Жеңіл салмақтағы UFC әлем чемпионы, ресейлік аралас жекпе-жектің спорт шебері Хабиб Нурмагомедов Алматыға сапары қарсаңында ұлды болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл - Хабиб пен Патиматтың отбасындағы үшінші бала. Олар Фатима және Магомед атты ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
Қыркүйек айында Нурмагомедов америкалық Дастин Порьені жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды. Келесі белдесу 2020 жылдың 19 сәуірінде өтеді, қарсыласы АҚШ-тағы Тони Фергюсон болады.
24 желтоқсанда Хабиб Алматыда жанкүйерлермен кездеседі, ал 25 желтоқсанда ол аралас жекпе-жектен GFC турнирінің қонағы болады.