$ 494.87  520.65  4.91

«Қазір өліп кететін шығармын!»: атақты актер бір өлімнен аман қалды

"Қатты қорқып кеттім. Денем дірілдеп, қазір өліп кететін шығармын деп ойладым", - дейді Джеки Чан.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Талай киноларға түсу арқылы әлемге танылған қытайлық актер Джеки Чан бір өлімнен аман қалды. Кино майталманы "Авангард" фильмінің түсірілімі кезінде қаза таба жаздаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда 65 жасқа қадам басқан актердің сөзіне сенсек, кинода теңіздегі атыс оқиғасына байланысты түсірілім болып атқан кезде оның аяғына тас ілініп, суға батып кете жаздапты.

"Қатты қорқып кеттім. Денем дірілдеп, қазір өліп кететін шығармын деп ойладым", - дейді Джеки Чан. 

Абырой болғанда, актерді түсірілім алаңында қызмет етіп жүрген әріптестері ажалдан арашалап қалыпты.

Бір өлімнен қалған актердің айтуынша, оның басынан өткен оқыс оқиға фильм түсіруге атсалысып жүрген барлық қызметкерлерді аяғынан тік тұрғызған. Тіпті, сол фильмнің режиссері Стэнли Тун қатты абдырап қалғандықтан жылап жіберіпті. 

Айтпақшы, басты рөлде Джеки Чан ойнаған "Авангард" фильмі 2020 жылдың 25 қаңтарында жарыққа шығады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл фильмде халықаралық қылмыскерлер тобына қарсы күрес суреттелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары