$ 494.87  520.65  4.91

«Өзінің мысығын, ананы, мынаны айтады»: Ибрагимов Қабатовты актер ретінде қабылдай алмайды екен

«Егер сахнадағы актер көрерменнің ықпалында кететін болса, екеуінің орнын ауыстыру керек».
фото: gakku.kz
фото: gakku.kz

Белгілі актер Бауыржан Ибрагимов Аман Тасығанның «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат беріп, өнер туралы ойымен бөлісті. Ол қазір сахнада жүрген актерлер жайлы айта келіп, Тұрсынбек Қабатовқа тоқталған, деп хабарлайды reactor.inform.kz.

«Бұрынғы заманның көрермені өнердің бағасын білетін. Қазір жаңадан шыққан әнші инстаграм арқылы өзінің жарнамасын жасап, танымал болып шығады. Біз баяғыда ауыл-ауылды аралап, бір жарым, екі айға кететінбіз гастрольге.

Сахнаға шықсақ, салиқалы бір нәрсені шығаруға үйрендік. Оның сценарийін маманы жазуы керек, оған байланысты біз образын жасап шығамыз. Көрерменді жоғары талғамға жетеледік. Халыққа не бересің, соны алады. Жоқ болса, мынау да өнер екен ғой деген ой қалыптасады. Егер сахнадағы актер көрерменнің ықпалында кететін болса, екеуінің орнын ауыстыру керек.

Қабатов шыққаннан бастап өзінің мысығын айтады, ананы айтады, мынаны айтады. Мен ондай юморды қабылдай алмаймын, ол менікі емес. Түсінбеймін. Мен оны актер ретінде қабылдамаймын. Ренжісе де шындықты айтып отырмын, оны конферансье ретінде қабылдаймын. КВН-нің стилі, тамада, бірақ, актер емес», - деді Бауыржан Ибрагимов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары