$ 514.65  544.6  5.17

«Біреуі санымды, біреуі балтырымды уқалай кететін» - танымал актер

Денесін уқалап бергендер көп екен.
фото: Tube.uz
фото: Tube.uz

Экран арқылы басында еш мұң-қайғысы жоқтай көрінетін белгілі актер Әбунасыр Серіковтың денсаулығында кінәрат туындағанға ұқсайды. Комедия жанрындағы рөлдерді сомдап, ел арасына танылған өнер иесі 4 жыл бойы ауыр дертпен күрескенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұртты күлдіре білетін актер, осы дертінің әсерінен 20 килограммдай салмақ тастап, біраз жүдеген.
Ауыр сәттерде айналасындағы ізгі ниетті адамдардың шапағатына бөленген ол, түсірілім алаңындағы барша әріптестеріне ризашылығын білдірді. Оның сөзінше, ауырған кезде актерға қамқорлық жасап, денесін уқалап бергендер көп екен.

"Төрт жылдан бері емделіп, қатты науқастанғаннан кейін қазір гастрольге шыға алмаймын. Өзі Алла Тағала әкеліп сол ауруды беріп, киноға алып келді-ау деп ойлаймын. «Сен осыны менен тілеп едің ғой» деп.

Төрт жылдан бері емделіп жүргеннен кейін, маған қиын болды. Себебі, аяқ-қолым жылымайды. Бірақ, сол жердегі біздің суретші, жарық беретін және гример қыздарымызға алғыс айтамын. Сол жердегі жігіттердің бәріне алғысым шексіз. Себебі, аяғым ауырып, қақсағанда жата саламын. Біреуі арқамды, біреуі табанымды, біреуі санымды, біреуі балтырымды уқалай кететін.

Ауырғанда 25 килограмм салмақ тастадым. Қазір мен поликлиникада тіркеуде тұрамын. Таңертең  дәрі ішемін, түсте ішемін, кешке ішемін. Өз-өзіме енді келе жатырмын", - деп денсаулығының қалыпқа келе бастағанын  айтқан комедия жанрының майталманы жақын уақытта шетелге емделу мақсатында баратын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары