$ 481.84  531.33  5.07

«Маған кейде, тіпті, тамаққа ақша жетпей қалады» - атақты режиссер

Түсірілім кезінде кинотуындының неміс продюсері қайтыс болған. Содан Еуропа тарапынан қаржыландыру тоқтаған. "Жығылғанға жұдырық" дегендей сол кездерде шет елден келген кейбір актерлар да жобадан бас тартыпты.
Фото: Newtimes.kz
Фото: Newtimes.kz

"Айка" фильмінен кейін  атағы асқақтай түскен режиссер, кинематографист Сергей Дворцевой қазір өте ескі көлік мініп жүр екен. Тіпті, кімнен көмек сұрарын білмей басы қатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Киноларға сценарий жазып, Еуропада бір реттік мастер-класс өткізіп  ақша тауып жүрген кино түсірудің майталманы, қазіргі халі туралы "Медуза" басылымына берген сұхбатында айтты. Мұнан бөлек «Айка» фильмінің түсірілім уақытын кешіктіргендіктен Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі 7,5 миллион рубль айыппұл салғанын жасырмады.

 Режиссердің айтуынша, кинолентаның жалпы бюджеті - 100 млн рубльді құраған. Жалпы шығынның 28 млн рублін мемлекет берсе, қалған шығынды инвесторлар берген. 

С.Дворцевойдың сөзінше, 2012 жылы бастау алып, екі жылда түсіріліп бітуге тиіс болған фильм жұмысы 6 жылға созылыпты. Түсірілімнің ұзаққа созылуына екі қыс бойы Мәскеуде қар жаумай қалғаны кері әсер еткен. Мұнан бөлек, түсірілім кезінде кинотуындының неміс продюсері қайтыс болған. Содан Еуропа тарапынан қаржыландыру тоқтаған. "Жығылғанға жұдырық" дегендей сол кездерде шет елден келген кейбір актерлар да жобадан бас тартыпты.

  Бірақ, режиссер мәдениет министрлігі айыппұл салады деп ойламапты. Ол "Канн" фестивалінен кейін айыппұл мөлшерін бір-ақ біліпті.

«Мәдениет министрлігіне барлығын ашық айттым. Картинаның түсірілімінің нақты себептерге байланысты созылып жатқанын түсіндірдім. Олар қиын жағдайда екенімді түсінді. Әйтсе де, «айыппұл төлейсіз» деді. «Мен енді не істеймін? Фильмді тастап кетейін бе? Ол жап-жақсы түсіріліп жатыр» деп түсіндіруге тырыстым. Әріптестерім ақшаны қалай үнемдейтінімді біледі. Енді, қазір қарызға батып отырған жайым бар. Бәрі фильмнің сәтті шыққанын айтып жүр. Шын мәнінде, маған кейде, тіпті, тамаққа ақша жетпей қалады, - деді С.Дворцевой басылымға берген сұхбат барысында.

Естеріңізде болса, "Айка" фильміндегі басты рөлді қазақстандық актриса Самал  Еслямова  ойнаған болатын. Фильм 2018 жылы халықаралық "Канн" фестивалінде бірнеше марапатқа ие болды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары