$ 494.87  520.65  4.91

«Ол немене қазақилық»: Меруерт Түсіпбаева келінінің ақшасына жармасатын енелерді сынады

Тіпті, әнші келінінің ақшасын енесінің алуы "адамның жеке құқығының бұзылуы" деп санайды.
Фото: pinterest.com
Фото: pinterest.com

Бұған дейін болашақ келінімен бірге тұрмайтынын айтқан әнші Меруерт Түсіпбаева келінінің ақшасына көзалартатын енелерді түсінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әр нәрсенің өз орнымен болғанын жөн санайтын өнер иесі бұл туралы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан. Кез келген өзекті мәселеде жеке көзқарасын ашық білдіруден тайынбайтын әнші, бұл жолы келінінің табысына жармасатын енелердің қылығын мүлдем түсінбейтінін жеткізді. 

Шығармашылық жолда жүрген әншінің ойынша, біреудің маңдай терімен еңбектеніп тапқан ақшасына қолсұғу ұят тірлік көрінеді. Тіпті, әнші келінінің ақшасын енесінің алуы "адамның жеке құқығының бұзылуы" деп санайды.

"Келіні ақшаны енесіне беру керек? Неге? Мен ұқпаймын. Ол адамның құқығының бұзылуы ғой. Ұят емес пе? Ол немене қазақилық, мен ұқпаймын ондай енелерді", - деп жауап берді.

 Естеріңізде болса,  әрдайым "бір тал балам бар" деп айтып жүретін Меруерт Түсіпбаева ұлына пәтер алып берген болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары