$ 494.87  520.65  4.91

«Ол мені тұншықтырды»: танымал әншінің қызы анасының мазақ қылғанын айтты

«Үндемеу одан да қорқыныштырақ» екендігін мәлімдеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әнші Любовь Успенскаяның қызы Татьяна Плаксина «Звезды сошлись» шоуында анасы оны мазақ қылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап. 

«Звезды сошлись» бағдарламасы түсіріліп жатқан НТВ телеарнасының студиясында Плаксина анасының өзіне деген қатынасын «өте қорқынышты» деп сипаттады, бірақ, «үндемеу одан да қорқыныштырақ» екендігін мәлімдеді.

«Ол мені қамап, есікті кілтпен бекітіп, мені тұншықтырды», - деді әншінің қызы.

Татьяна Плаксина әнші Любовь Успенскаяның жалғыз қызы. Ол әншінің төртінші некесінен дүниеге келген. Әнші қызымен бірге түскен суреттерін instagram парақшасына жиі жүктеп тұрады. Көбіне әртіс қызының өзінің жанында екендігін айтып, бірге мейрамдар мен туған күн, Жаңа жылды тойлап жатқанын оқырмандарына жеткізіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әнші