05.02.2020, 02:00

«Асхат Тарғынды, Сивиді, Абай Бегейді әнші деп қабылдамаймын» - Ақбота Керімбекова (ВИДЕО)

Ақботаның айтуынша, оның қазіргі қазақ өнеріне көңілі толмайды. Себебі, өнерде әркімнің өз командасы, өз әншісі бар. Ақша жүрген жерде өнер бағаланбайды.

Әнші Ақбота Керімбекова шоу-бизнесте жүрген танымал кей жанның өнерін мойындамайтынын айтты. Ол қазір жеңіл әндердің хит болып, нағыз әншілердің тасада қалып бара жатқанын жеткізді. Бұл туралы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақботаның айтуынша, оның қазіргі қазақ өнеріне көңілі толмайды. Себебі, өнерде әркімнің өз командасы, өз әншісі бар. Ақша жүрген жерде өнер бағаланбайды.

«Бүгінде нағыз әншілер тасада. Жеңіл әндер халыққа өтімді. Тез хит болады. Халықтың да сауаты жеңіл болып бара жатқаннан шығар мүмкін. Жастар тез танылудың жолын іздейді. Бірақ, олай өнерді ластауға болмайды деп ойлаймын», - деді Ақбота.

Әнші осы тұста үш адамды әнші деп мойындамайтынын да айтып қалды.

«Мәселен, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамбекті, Саят Медеуовті әнші ретінде мойындаймын, ал Асхат Тарғынды, Сивиді әнші деп қабылдамаймын. Абай Бегейді де осы қатарға жатқызуға болады», - деді Керімбекова.

Сондай-ақ, әнші өзінің болашақта төртінші рет те тұрмыс құрып, балалы болуы мүмкін екенін, бәрі Алланың қалауымен болатын дүние екенін айтты. Мұны жеке өмірі болғандықтан, көпшілік алдында талқылағысы келмейтінін жеткізді. Дегенмен, «Өзім үшін бір қыз туып алсам деп те ойлаймын. Бірақ, арам жолмен емес, Алла алдында адал, неке арқылы балалы болу керек», - дейді Ақбота Керімбекова.