$ 484.11  528.79  5.03

Үш дүркін әлем чемпионы өз-өзіне қол жұмсамақ болды (ФОТО, ВИДЕО)

Қазіргі уақытта пациент сұрақ-жауапқа дайын емес және қалай жарақаттанғанын баяндап бере алмайды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 

Өзін-өзі өлтіруге тырысқан ресейлік гимнаст Александра Солдатова ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Мәскеу жергілікті ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

«5 ақпанда 21 жастағы А.Солдатова өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенгені үшін ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, қызға булимия диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта пациент сұрақ-жауапқа дайын емес және қалай жарақаттанғанын баяндап бере алмайды», - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, спортшы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындап отыр.

"Бұл ақымақтық болды. Қорқып кетіп, бірден ауруханаға бардым", - деді Александра.

Александра Солдатова - көркем гимнастикадан Ресей құрамасының мүшесі, командалық есепте үш дүркін әлем чемпионы және лентамен жаттығудан әлем чемпионы.

2019 жылдың мамыр айында ол Испанияның Гвадалахара қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары