$ 494.87  520.65  4.91

«Жүнжіп кеткен» әрі тақырбас Тәуекел Мүсілім гонорарын айтып мақтанды

«Үйлендім деп осынша жүнжіп кетуге бола ма екен?», «Түріңіз не болып кеткен?», «Қартайып кетіпсің Махаббатты аламын деп», – деді желі қолданушылары.

Бастағы тыртық, қысқа шаш, өскен сақал-мұрт! Сырт келбеті өзгерген Тәуекелге арулар алаңдаулы. Дәл осылай актердің өзгеруіне оқырмандары келіншегін кінәлап отыр, деп хабарлайды Shownews.kz.

Тәуекелдің дәл қазіргі бет-бейнесі қыздар қауымын шошытуда. Бұрындары сымбатымен аруларды естен тандыратын Мүсілімнің дәл осылай өзгеруіне бұрымдылардың бір ғана болжамы бар. Жақында ғана бойдақтықпен қош айтысқан серінің қазіргі болмысына көпшілік келіншегін кінәлауда.

«Үйлендім деп осынша жүнжіп кетуге бола ма екен?», «Түріңіз не болып кеткен?», «Қартайып кетіпсің Махаббатты аламын деп», – деді желі қолданушылары.

Шын мәнісінде Мүсілімде бәрі жақсы. Бұл жәй ғана актердің кезекті образы екен. Әдетте, кино картиналарда қыз қырқынның жүрегін жаулап, жағымды жанның рөлін сомдайтын Тәуекел, кезекті фильмінде қарақшының кейпіне енбек.

«Бұл образ менің тәжірибемде алғаш рет деп айтсақ болады. Шашты алып тастағанымның себебі де осы. Шашты алып тастасақ қалай болады деген сияқты. Мен бірден келістім. Өйткені өзім сондайды жақсы көремін. Сондықтан бұл образға да зерттеліп, бұйыртса жақсы кейіпкер болады деп ойлаймын», – деді Тәуекел.

Тәуекелдің үйреншікті образын ауыстырып, көрерменін шошындырған бұл фильм комедия жанрында. Мүсілімнің түсірілім алаңындағы серіктестері Жанель Мақажан және Ернар Сакупов. Бұл жігіт Айдар есімді ұрлықшының әр қадамын аңдитын тәртіп сақшысының рөлінде.

«Киноның ішінде бір тәртіп сақшысы болады. Соның біреуі мен ғой. Сәл ақымақтауы. Бірақ өзім ақымақтау сақшы көрген жоқпын. Енді ондай бола ма, болмай ма көреміз енді», – деді Ернар.

Тәуекелдің дәл осылай сырт келбетін түбегейлі өзгертіп, өзіне жат кейіпке енуіне кинопродюсер қомақты қаражат ұсынған секілді. Оны актердің өзі де жоққа шығармайды. Өйткені, түсірілім тобындағы ең қымбат әртіс Мүсілім.

«Басқалардан менің гонорарым көбірек. Енді кімде қандай гонорар екенін білмеймін. Жалпы ондай бір бекітілген мөлшері жоқ. Әрине енді атағы, даңқы болса көп болады. Әркім енді өз уақытының құнын біледі ғой. Сол себептен біз осындай бағаны айттық», – деді Мүсілім

«Менің гонорарым Тәуекелдікінің үштен бір бөлігі шығар. Шынын айтайын, мына киноға гонорар тақырыбында сөйлесілген жоқ. Өйткені Тимурдың мынау бірінші киносы емес, екінші фильміне түсіп жатқаным. Содан кейін арамызда ақша туралы әңгіме жүрген жоқ, шыны керек. Қанша береді сонша аламыз енді», – деді Сакупов.

Иә, аталмыш картинаның продюсері Тимур есімді жігіт. Актерлармен жеке-жеке келісімге келген Бақтыбаеав гонорардың құпиясын ашуға құлықты емес. Алайда, фильмнің кейіпкерлеріне ұсынылған қаражат қос тараптың да көңілінен шығыпты.

«Әркімнің өзінің гонорары болады ғой. Бірақ енді қанша екенін айта алмаймын. Жақсы қомақты соммаға келістік. Олар ренжімейді де. Маған да ыңғайлы бағамен келістік», – деді Тимур.

Отандық киноиндустрияның қоржынын толықтыратын комедияның түсірілім жұмыстары таяуда тәмамдалады. Жаңа жыл қарсаңында орын алған оқиғаны суреттейтін кинокартина 2020-шы жылдың соңында үлкен экранға жол тартпақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары