$ 514.65  544.6  5.17

«Дауыстарды сатып алдым»: Алсу «Голос.Дети» жобасында қазақстандық Ержан Максимнің жолын кескен

Сонымен қатар, өнер иесі Микелланы музыкалық додаға қатыстырғаны үшін қатты өкінетінін айтты.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Ресейлік танымал әнші Алсу өткен жылы «Голос.Дети» жобасындағы қызының жеңісіне қатысты жанжалға алғаш рет пікір білдірді. Ұзақ уақыт бойы үнсіздік сақтаған өнер иесі музыкалық додадағы дауыс беру үрдісі жайлы айтып, перзенті үшін кейбір дауыстарды сатып алғанын да мойындады, деп жазады NUR.KZ, «Осторожно Собчак» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Барлығы өз баласын насихаттап, оған дауыс беруге шақырды. Сол себепті, мен де желідегі екі миллиондық аудиторияма баламды қолдап жіберуді сұрадым. Микелланың жетістігі – сол менің жанкүйерлерім мен танымалдылығымның арқасы. Мен дауыстарды сатып алдым, оны мойындаймын. Алайда, мен «Бірінші арнаның» ережелері мен талаптарына сәйкес мөлшердегі дауыстарды сатып алдым.

Дауыс беру үрдісінің өзі аукцион секілді. Оны тегін бере алмайсың, әрбір смс ақша тұрады. Сол себепті, мен 40 смс сатып алдым. Бір телефоннан 20 смс жіберуге болады. Менде екі ұялы телефон болғандықтан, мен екеуінен кезек-кезек қолым босағанда қызыма дауыс бердім. Бәрі заң жүзінде болды. Одан кейін біз өз туыстарымыз бен жақындарымызға да айттық», - деді Алсу.

Сонымен қатар, өнер иесі Микелланы музыкалық додаға қатыстырғаны үшін қатты өкінетінін айтты.

Айта кетейік, өткен жылы болған «Голос.Дети» жобасының соңы жанжалмен аяқталды. Көрермендер жеңіске Алсудың қызы жеткенде шу шығарды. Олардың басым көпшілігі нағыз жеңімпаз ретінде қазақстандық Ержан Максимді көретіндерін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары