$ 494.87  520.65  4.91

Нұрлан Еспановтың қасында «Алдар Көсе отдыхает» (ВИДЕО)

"Құйрығы 25 метр түлкі көрдім дегендей ме!?".
Фото: klip.kz
Фото: klip.kz

"Нұрлан Еспанов әңгіменің майын ағызады". Дәл осындай мәтін жазып, белгілі әнші Нұрлан Еспановтың әзіл айтып отырған сәтінен видео жариялаған Серік Абас-Шахтың Instagram парақшасына жазылушылар күлкіге қарық болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші әзілінің астарына құлақ түрсеңіздер, ол басынан өткен қызықты оқиға жайлы айтып отыр.  Ал видеоны көргендер көздерінен жас шыққанша күлгенге ұқсайды.

Әлеуметтік желіге жүктелген сәттен бастап көпшіліктің қызығушылығын тудырған видеоны қазірдің өзінде 23542 адам тамашалап үлгерген. Тіпті, әлгі әзіл толы видеоны көргендер ішек-сілесі қатқанша күліп, пост астына түрлі пікірлер қалдырды.

"Алдар Көсе отдыхает нақ", "Өтірікті шындай, шынды құлай ұрғандай айтқандай болды ше маған", "Тазша бала екен ғой", "Алдар көсе пусть отдыхает", "Ой не могу, өлтірдіңіз!", "Нұрлан көсе", "Қатырды, Нұрлан аға!", "Базар жоқ", "Тазша бала ғой мынауың!", "Ішегім-ай!", "Нағыз өзбекше мақтау мен әңгімені қатырады екен! Ризамын!", "Кекіртіп жіберді ғой", "Мылжың шал болатын шығарсың?", "Құйрығы 25 метр түлкі көрдім дегендей ме!?", "Дым сөйлей алмайды екен. Сақау ғой", - деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

Видеодан байқасаңыздар, әңгіме айтқанда көпшілікті аузына қарататын әнші Нұрлан Еспанов достарының ортасында әзілдеп отыр. Оны жанындағы досы білдіртпей видеоға түсіріп алған. 


 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары