Мәдениет & Шоубиз 21.02.2020 сағат 09:40

Әйгілі хит әннің орындаушысы өзін әйел деп жариялап, есімін де өзгертті

Әнші трансгендерге айналды.
Әйгілі хит әннің орындаушысы өзін әйел деп жариялап, есімін де өзгертті
Фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әйгілі "Между мной и тобой" хит әнінің орындаушысы Шамиль Малкандуев трансгендерге айналды. Ол Оскар лақап атымен танылған. 90-шы жылдары эстрада әлемінде  жұлдызы жанған ресейлік әнші. Оскар өзін Ресей шоу-бизнесіндегі алғашқы трансгендер әйел деп жариялап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Рен ТВ-ға сілтеме жасап. 

Фото: gazata.ru

"13 жасымда "Унесенные ветром" деп аталатын шығарманы оқығанмын. Сол шығарманың  кейіпкері Скарлетт О'Хара мені мықты болуға, жеңілмеуге жігерлендірді. Өзімді белгілі бір дәрежеде сол кейіпкерге ұқсаттым", - деді трансгендер әнші.

 Еркек қалпынан гөрі әйел кейпінде өзін жайлы сезінетін әнші қазір есімін Скарлет деп атағанды ұнады және көпшіліктен есімін осылай атауды сұрайды. 
 
Есімін де болмысын да өзгерткен өнерпаздың айтуынша, Шамиль мен Оскар есімдері оның өмірінің бір бөлігі болып қала бермек. Әнші өзін табу үшін ұзақ жылдар бойы өзін-өзі зерттеген көрінеді. 


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар