$ 498.34  519.72  4.85

Димаш өзін «тағатсыздана күткен» халықты әуежайда дүрліктірді (ВИДЕО)

Жанкүйерлер Димаш көлікке отырып, жүріп кеткенше "Махаббат бер маған" әнін шырқады.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

 Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді Қазан әуежайында жанкүйерлері ерекше қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Қазан қаласына Димаш ата-анасы Светлана мен Қанат Айтбаевтармен бірге ұшып келді. Жанкүйерлер оларды күтіп алуға тыңғылықты дайындалған екен. Димаштың келе жатқанын алыстан көрген фанаттар оның есімін дауыстап айтып, қол соғып қарсы алды. Сондай-ақ, үлкен торт әзірлеп, гүлдер мен сыйлықтар ұсынды. Арасында башқұрт ұлттық музыка аспабын сыйға тартқандар да бар.

"Біз сіздің Татарстанға келуіңді тағатсыздана күттік. Қазанға қош келдіңіз! Біз сізді қатты жақсы көреміз!", - деген жанкүйерлердің сөзіне Димаш өзінің қарапайым ғана қалпымен өз ризашылығын білдірді.

Димаш әуежайға жиналғандардың ішінде еңбек ардагеріне ерекше ізет көрсетті. Қарияның қолын зор ілтипатпен алып, қара көзілдірігін шешіп суретке түсу арқылы риясыз құрмет-қошеметін сездірді.

Сүйікті әншісін қарсы алуға келгендердің ішінде Татарстан тұрғындары ғана емес, Канада, Финляндия және Қазақстан азаматтары бар. Жанкүйерлер Димаш көлікке отырып, жүріп кеткенше "Махаббат бер маған" әнін шырқады.

Айта кетейік, 16 ақпанда Ресейдің Краснодар қаласынан басталған Димаш Құдайбергеннің ARNAU TOUR 2020 туры Қазан қаласында жалғасын тапты. Одан кейін әнші Екатеринбург, Рига, Мәскеу, Киев, Гамбург, Дюссельдорф, Прага, Штутгард және Минскте концерт береді. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары