Айдар Асқарбеков пен әнші Жарқынай Ханайым таяуда ерлі-зайыпты атанбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Shownews.kz-ке сілтеме жасап.
Күні бүгінге дейін Жарқынай Ханайым Баян Алагөзованың шәкірті болса, бұдан былай бұл бұрымды атышулы продюсердің келіні атанбақ. Отандық сериалдардың бірінде ғашықтардың рөлін сомдаған Айдар Асқарбеков пен әнші ару кинода қосылмаса да, өмірде бірге болуды ұйғарған.
«Баян Мақсатқызы түсірілімге дайындалып, іріктеу жүргізіп жатқанда араларыңда бір байланыс болу керек деп айтты. Бірақ, өзіміз де бір-біріміздің жүзімізге қарап, бірден ұнатып қалдық. Сосын түсірілім барысында сезіміміз күшейе берді», – дейді Айдар Асқарбеков.
Айдар да Баянға бөтен емес, жиен інісі. Қалың жұртшылыққа Сакура мен Рауза ретінде танылған жұп қол ұстасып ұзақ жүрмепті. Айдар бикешке деген сезімін бірден білдіріп, Мақсатқызының батасын алуға бел буған.
«Продюсерлерімнің алдынан өтіп, сіздің қоластыңыздағы қыз маған ұнайды деп өз көңілін білдірді. Осындай батыл қадамдарының арқасында қарым-қатынасымыз керемет дамыды. Баян Мақсатқызы Айдарға ол өте жақсы қыз, оны ренжітпе, бақытты ет, көзіндегі нұрын сөндірме деп айтқан екен. Мен туралы дәл осындай пікір айтады деп күткен жоқпын», – дейді Жарқынай Ханайым.
Иә, күн өте сүйіктісіне деген сезімі күшейген Айдар, көп созбай Жарқынайды ата-анасымен таныстырған. Бірақ, күйеужігіттің өзі қалыңдықтың жақындарымен әлі күнге дейін жүздеспепті.
«Жарқынайды ата-анам өте керемет қабылдады. Анам бірден ұнатып, алғаш таныстырғанда сырғасын тақты. Әкем де қызындай көріп, маңдайынан сүйіп қарсы алды», – дейді Айдар.
Бұл жаңалық қыздар қауымына жақпаса керек, Жарқынайға кереғар пікірлерін жаудырып, маза бермеген көрінеді.
«Айдарға сонша жүріп алған қызың осы ма деп айтып жатады. Мен бақыттан басым айналып, оқырмандардың не жазғанын да көрмеппін» , – дейді әнші ару.
Жұлдызды жұптың алға қойған мақсаттары көп. Шаңырақ көтерген соң бірқатар әндер жазып, Айдар Жарқынайдың шығармашылығымен айналысуына қолдау көрсететінін айтқан. Алайда, қалыңдық үшін әншіліктен гөрі келіндік қызметі маңызды.
«Өнерді жалғастыруыма Айдар қарсы емес, бірақ, қазір мен үшін бірінші орында жанұя. Ата-енемнің, Айдардың көңілінен шығу, сол үйге сіңісіп кету, келіндік міндеттерімнің бәріне үйрену. Ал Айдар актерлық өнерін жалғастырады, біздің жұлдызымыз болады. Егер маған рұқсат етіп жатса, қасында әнімді айтып жүремін», – дейді Жарқынай.
Бүгінде Асқарбековтер әулеті тойдың қамына кіріскен. Қос тарап таяуда құдаласпақ.