$ 494.87  520.65  4.91

«Қырындаған»: 80 әйел танымал продюсердің үстінен шағым түсірді (ФОТО)

Содан кейін оны компанияның директорлар кеңесінен және америкалық Киноакадемия құрамынан шығарды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Голливудтағы бұрынғы продюсер Харви Вайнштейн "кісі зорлады" деп айыпталды, деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дүйсенбі, 24 ақпанда Нью-Йоркте өткен процесте алқа билер соты осындай шешім шығарды. Сот алқасы оны бес айыптаудың екеуіне кінәлі деген ұйғарымға тоқтады. Харви Вайнштейн ісі бойынша сот үкімі 11 наурызда жарияланады.

2017 жылы қазанда бірнеше танымал актриса Харви Вайнштейннің үстінен шағым түсірді. Содан кейін оны компанияның директорлар кеңесінен және америкалық Киноакадемия құрамынан шығарды. Вайнштейнді кем дегенде 80 әйел айыптады. Олар ондаған жылдар бұрынғы оқиғаларды баяндады. Айыптаушылардың арасында Гвинет Пэлтроу, Ума Турман, Сальма Гаек бар.

Әйел құқығын қорғаушылар #MeToo ("мен де") қозғалысын бастады. Оған қатысушылар ықпалды, бай адамдардың қырындағаны туралы оқиғаларды әлеуметтік желілерге жариялады. Продюсер Харви Вайнштейн кезінде "Оскар" сыйлығын алған "Қылмыстық сыпайылық" (Pulp Fiction), "Ақылды Уилл Хантинг" (Good Will Hunting), "Патша сөйлейді" (The King's Speech) және "Ғашық Шекспир" (Shakespeare in Love) фильмдерін түсіруге қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#продюсер