$ 449.3  489.69  4.89

«Нью-Йорк Димаштың концертіне дайындалып жатқан соң, біз қоймайтын болдық» - Гүлзира Айдарбекова

«Халық ертең «Димаштан қалмау керек қой. Дереу берді» деп әңгіме айтады. Оның үстіне Димаш әлемді мойындатқаннан кейін оның концерті мүлдем үлкен шоу болады. Мысалы, министрлік жағынан үлкен көмектер болады. Ал мен өзім ғой жүгіретін».
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының туған күніне орай «Алматы» телеарнасына шақырылып, арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әңгіме барысында ол келіні Жұлдызды «Арман» фильміне түсірген сәтін баяндап, АҚШ көрермендерінің ықыласына бөленгендерін де тілге тиек етіп өтті.

«Жұлдыздың да жұлдызын жақтым деп ойлаймын. Өйткені, бұл киномыз бірінші орын алып, мен Америкаға апарып қайттым. Бірақ, мен Американы қатты шулатпаппын. Негізі шулату керек екен де, реклама жасап. Ең бірінші Нью-Йоркке ұшып бардым.

Қазақтың жігіттері қарсы алып, «Сізді өзіміз алып жүреміз. Ештеңе төлемей-ақ қойыңыз. Сізді сыйлаймыз», - деп мені Вашингтонға алып барды. Вашингтонда көрсетілім бердім. Лос-Анджелеске ұшып, әлемдік кинодағы актер, актрисалардың арасында болып, қызыл кілемнен жүріп өттік», - деп мақтанып қоюды да ұмытпады Гүлзира Үсенқызы.

Осы орайда, ол телеарна тілшісінің «Америкаға барып, концерт қоюға не түрткі болды? «Осы Димаш қойды, біз де қоямыз» деген сияқты болған жоқ па?» деген сұрағына да тосыла қоймады.

«Жоқ, мен негізі Нью-Йоркке барған кезімде елшімен жолықтым. Сонда «Наурызға Қайраттың концертін қойсақ қалай болады?» - деп өздері ұсыныс жасады. «Жарайды, қойсақ қояйық» - деп, кейін ол кісіге хабарластым. Сөйтіп едім, «Біз қазір Димаштың концертіне дайындалып жатырмыз», - деді. Сосын мен «Онда біз бермейміз», - дедім. Өйткені, халық ертең «Димаштан қалмау керек қой. Дереу берді» деп әңгіме айтады. Оның үстіне Димаш әлемді мойындатқаннан кейін оның концерті мүлдем үлкен шоу болады. Мысалы, министрлік жағынан үлкен көмектер болады. Ал мен өзім ғой жүгіретін. Демеуші де жоқ. Өзіміз о бастан демеушіге үйренбегенбіз...», - деді продюсер.

Тағы оқи отырыңыз:

«Билеттер сатылса екен»: Қайрат Нұртастың анасы голографиялық концертке 114 миллион теңге жұмсаған

«Көңіліме қатты алып қалдым»: Керменбаев Қайрат Нұртасқа неге өкпелі? (ВИДЕО)

Айта кетсек, Гүлзира ханым бұған дейін де Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртасқа қатысты салыстырмалы сұрақтарға біраз жауап берген. Бұл ретте оның өзі жиі айтатын «Қайраттың абыройын сақтап қалу» мақсатындағы «артық сөздері» көпшілік талқысына түсіп, онша қабылданбай жүр. Осы жолғы сұхбаты да қоғамда әжептәуір резонанс тудыратын сияқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары