$ 498.34  519.72  4.85

«Фонограммашылар қоғамға ұятсыздықты, арсыздықты, ұры болуды үйретті» - дәстүрлі әнші

Бұл фоннершиктер адамдардың теледидардан алшақтауына да көп «еңбек сіңірді».

Әншілер фонограммамен ән айтатын болса, ол туралы билет сатылмай тұрып, жарнама беретін уақытта ескертетін болды. Мәдениет және спорт министрлігі заңға осындай ереже енгізгелі жатыр.

Аталған ережеге байланысты қазақ өнерінің жанашыры Ерлан Төлеутайға хабарласып, пікірін сұраған едік.

Ерлан Төлеутай, классикалық (дәстүрлі) әнші, өнертанушы:

-Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жас өнерпаздармен кездесуінде: «Фонограмманың түрі көп. Оған біздің министрліктің көзқарасы: өнер таза болу керек. Эстрада да жанды (табиғи) дауыспен айтылуы керек», - деген еді.

Көп жылдан бері осы мәселені айтып жүр едік, алғашқы қадамы басталғаны дұрыс болды. Өкінішке қарай бұл ереже фонограмманы түбегейлі тия алмайды. Фонограмма деген қоғамның үлкен дертіне айналып кетті. Фонограммашылар қоғамға ұятсыздықты, арсыздықты, ұры болуды үйретті. Олар жасық, арзан өнерімен көрермендердің талғамын бұзды. Кез келген жағдайға бей-жай қарауға дағдыландыруға үйретті. Олардың қоғамға әкелген зиянын айтып тауыса алмайтын дәрежеге жеттік.

Бұл фоннершиктер адамдардың теледидардан алшақтауына да көп «еңбек сіңірді». Телеарналар қоғам, адамгершілік, еңбек туралы әңгіме айтылудың орнына түрлі-түрлі шоулар көрсетіп кетті. Таңғы бағдарламалардан бастап мемлекеттік мерекелерге дейін "фоннершиктерсіз" өтпейтін дәрежеге жеттік. Мұның зардабын қазірдің өзінде тартып жатырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#фонограмма