Жылдар бойы Баян Алагөзова өзінің киіну стилімен талайды таңғалдырып келеді. 46 жастағы продюсер сырт келбетіне қатысты тәжірибелер жасап, батыл образдарға баруда. Бірақ, бұған қатысты ешкімнің алдында есеп беруге міндетті емеспін дейді өзі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, 365info.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда, Алагөзованың мыңдаған оқырмандары оны мойнына крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіруде. Сондықтан да Баян ханымның бұған қатысты түсініктеме бермеске лажы болмады.
Байқағанымыздай, бұл әшекейді Баян өте жақсы көреді. Ол алқасын шетелде де тастамай тағып жүреді. Сынға алған оқырмандарына жауап ретінде продюсер крест белгісі бар сақинасының суретін жариялап, өз ойын білдірді.
«Көбіңіз менен неге крест тағасыз деп сұрайсыздар. Бұл – 200 жыл бұрын жасалған сақинаның дәлме-дәл көшірмесі. Назар аударсаңыздар, барлық қазақ әшекейінде төрт жағы тең крест белгісі бар екенін көресіздер. Қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да мен қазақпын. Бірақ, мені сіздердің басқа дінді қабылдамай, құрмет танытпайтындарыңыз қорқытады.
Тағы оқи отырыңыз: «Шіркеуде шоқындым»: танымал продюсер Ерболат Беделханның әйелі бір кездері христиан дінін қабылдаған
Адамдардың сенімін жақсы немесе жаман деп бөлуді қайдан шығардыңыздар? Құдай біреу ғана, оған табыну жолдары ғана әртүрлі» деп жазды Баян Алагөзова Instagram парақшасына.