16.03.2020, 10:40

Жалпыәлемдік карантинге байланысты Димаш Құдайберген гастрольдік сапарын кейінге қалдырды

Фото: show-biz.by
Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз, ең алдымен, денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек.

Димаш Құдайберген әлемді дүрліктірген індетке байланысты "Арнау" гастрольдік сапарын тоқтатты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші мұндай шешімге келгенін Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Arnau Tour» әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын.

Коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарлануда. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концертердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады.

Мен сіздің маған құрметіңіз бен ықыласыңызды жоғары бағалаймын және сіз де мен сияқты концерттерді асыға күткеніңізді білемін.

Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз, ең алдымен, денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек», - деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші адамзатқа амандық тілеп, жақсы көңіл-күйде қайта оралатынына сенім білдірді.