$ 444.32  473.33  4.76

«Уайымдамаңыздар»: Қайрат Түнтеков «Біз біргеміз» челленджінде төбе көрсетті

Көпшіліктің назарынан тыс қалуды жөнкөрмейтін жұлдыздар әлеуметтік желіде де аса белсенділік танытуда. Әншілер әр шаңырақтың астында отырып-ақ, әріптестерімен бірлесе онлайн ән шырқады.

Жиырмаға жуық өнерпаз әндеткен челленджде Қайрат Түнтеков та бой көрсетті. Желіні жаулаған жобаның нақты мақсаты мен идея авторы жайлы Shownews.k

Шоу-бизнес өкілдері карантин кезінде үйде отырса да өнерден алыстамақ емес. Көпшіліктің назарынан тыс қалуды жөн көрмейтін жұлдыздар әлеуметтік желіде де аса белсенділік танытуда. Әншілер әр шаңырақтың астында отырып-ақ, әріптестерімен бірлесе онлайн ән шырқады.
«Біз біргеміз» челленджінің ұраны ретінде Батырхан Шүкеновтың «Қайран күндер» атты әні таңдалыпты. Өлең тармақтарын 21 өнерпаз өзара бөлісіп, жанды дауыста тың дүние шығарған. Жұртқа жолданған жобаға ат салысқан танымалдар тізімінде Қайрат Түнтеков те бар.

“Челленджің мақсаты бұл халықты тыныштыққа шақыру. Ең бастысы сабырлық деймін. Құрметті, қазақстандықтар, сабырлы болайық. Еш нәрсенің уайымдамаңыздар, баршаңызға тыныштық тілеймін. Ең бастысы біз біргеміз. Челлендж болғандықтан шет елден алынған. Бірақ біздің өнердегі досымыз, продюсер Асанәлі Естияр деген бауырымыз ұсыныс жасағаннан кейін, біз ойланбастан жазайық дедік”, – дейді Қайрат Түнтеков.

Кей әншілер жүктерін жинап ауылдарына жол тартса, Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында қалған өнер өкілдері уақытты тиімді өткізудің түрлі тәсілдерін ойлап табуда. Тұрсынбек Қабатов бала-шағасымен бірге бетперде тіксе, Нұрболат Абдуллин суретшілік талантымен оқырманын тәнті етуде, ал Алтынай Жорабаева бүгінде сахнаның ғана емес асхананың жұлдызына айналған.

“Карантин уақытында ғана емес, бұған дейін де спортпен айналысып жүрдім, қазір де спортпен айналысып жүрмін. Спорт денсаулық кепілі дейді ғой. Сондықтан баршаңызды спортқа шақырамын”,- дейді әнші Қайрат Түнтеков.

Иә, байбалам салып, ғаламторды дүрліктіргеннен гөрі, берілген уақытты жақсылыққа жұмсаған абзал. Бұл сәтті жақындарыңыздың жанынан табылып, елге беймәлім ерекше таланттыңызды танытудың таптырмас тәсілі деп түсінгейсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары