$ 444.22  476.38  4.82

«Бұл да бір өтіп кететін дәурен»: Димаш Құдайберген оқырмандарына елордадан сәлем жолдады (ВИДЕО)

Біз бұл дертті жеңіп шығамыз! Аман болайық, бар болайық!
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген елордадан оқырмандарына видеүндеу жолдап, амандықтарын тіледі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол видеоны үш тілде түсіріп, Instagram-парақшасына жүктеді. Видеода ол адамзатты төтенше жағдай кезінде сақтанып, сақтық шараларына немқұрайлық танытпауға шақырды. 

"Ассалаумалейкум, құрметті Отандастар, құрметті бауырлар! Сіздерге, ең алдымен денсаулық тілеуге рұқсат етіңіздер. Мына, күллі әлемді жайлаған індеттің алдын алу мақсатында қабылданып жатқан сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамын. Сәл төзімділік танытыңыздар, Алла-Тағала барлығымызға сабыр берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Бұл да бір өтіп кететін дәурен деп білемін. "Жақсы сөз, жарым ырыс" дейді қазақтар. Біз бұл дертті жеңіп шығамыз! Аман болайық, бар болайық!", - деген қазақша нұсқасында.

Димаштың әр елдегі табынушылары оған рахметін айтып, аман жүруін тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары