05.04.2020, 04:23

«Егер осыны естігелеріңіз келсе»: Сәкен Майғазиев «Музарттың» тағдыры жайлы сыр шертті (ВИДЕО)

Иә, осымен Майғазиев өнеріне қатысты біраз сұрақтың нүктесін қойған секілді.

Наурыз айының басында Бесбаев пен Майғазиевтің  жеке дара өткен концертінен кейін «Музарт» тобының тағдырына алаңдаған тыңдарманның қарасы күрт көбейіпті. Дәл осы тақырыптың төңірегінде түрлі алып қашпа әңгімелерден соң, 20 жылдық тарихы бар әйгілі ансамбль мүшелері де жанкүйерлеріне мардымды жауап қатпаған-ды. 

“Мейрамбек Алматы қаласынның әкімі Бақытжан Сағынтаевтің мәдениет бөлімнің кеңесшісі болғандықтан «Музарт» бөлінейін деп жатқан жоқ па? Немесе Сәкен мырза, сіз «Өнер» академиясының шығармашылық және халықаралық қатынастар бөлімінің проректоры болған соң сіздер осы жұмысты тоқтатқыларыңыз келіп жүр ме? Екі қошқардың басы бір қазанға сыймай жүр ме деген секілді. Бір жағы заңды, орынды сұрақтар. Мен айтқым келеді, біз екі қошқар емес, он қошқардың басын бір қазанға сыйдырып жүрген қазақтың жігіттеріміз. Мейрамбек те, Мақсат та, Кенжебек те өнер адамдарымен тығыз қатынаста жүрген адамдармыз. Сыйластығымыз жарасқан деп айтуға болады. Біздің арамыздан ешқандай ала мысық өткен жоқ”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Желідегі жұрттың жартысы «Музарттың» келешегіне қам жесе, ал кей бөлігі оларды айыптауға көшкен. Әсіресе дәл қазір, яғни, карантин кезінде ғаламторда кереғар пікір білдіретін халықтың санында шек болмай тұрған көрінеді.

“Өнердегі мықты майталмандармен біріге отырып бізде көмек қолын созып, ақшалай да, қаржылай да жинап, көмектескіміз келіп отыр. Егер осыны естігелеріңіз келсе. Негізінде көп адамдар: «Өнер адамдары қайда? Сендер әндеріңмен алдамай-ақ қойыңдар», – деген секілді сөздер айтады. Сол үшін айттым, бұдан кейін ақталуды тоқтатамыз”, – дейді әнші Сәкен.

Иә, осымен Майғазиев өнеріне қатысты біраз сұрақтың нүктесін қойған секілді. Ал, бүгінде шығармашылығын шетке ысырған әнші, бар назарын балаларына арнауға көшкен.

“Әсіресе бір керемет жағдайды көріп күлкім келді. Жаңағы ас үйге айналып қайта-қайта бара береді ғой, тоңазтқышты аша береді. Сосын бәріміз күлеміз, Аллаға шүкір деп айтайын енді. Барлығы болып тұрса да, бұрын сабаққа барғанда, бала-бақшаға барғанда басқаша еді. Қазір барлығымыз «жатып ішер» болып алдық. Барлығымызды атымыздың басы сол ас үйге қарай бұрылып кете береді”, – дейді Майғазиев.

Бұрындары уақытының басым бөлігін түзде өткізетін өнер иесі, қазір жанұясының жанында. Карантин кезеңінде үйде отырған Майғазиевті кішкентай бұрымдылары біраз тығырыққа тіреген тәрізді.

“Ертегі айтып беріңізші дегенде, Құдай өзі кешірсін, тосылып қалған кездеріміз де болды. Мына ертегіні білесің ба десем, естіп қойғанбыз дейді. «Жеті лақты» білесің бе десем, естіп қойғанбыз дейді. Өзім айтуға ертегі таппай қиналған кездерім болды”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Дереккөз: Shownews.kz