Танымал әнші Димаш Құдайберген төтенше жағдай кезінде мұқтаждық көрген отбасыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
Әнші Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларындағы 100 отбасыға бес тонна азық-түлік жіберген. Бұл туралы Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония директоры Елубай Кенжалиев өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.
«Біздің Димашымыз сауапты іс жасап, елордалық және ақтөбелік 100 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберді», - делінген жазбада.