$ 494.87  520.65  4.91

«Ешкім білмейді»: Айқын Төлепберген продюсерліктің сырларын ашты (ВИДЕО)

Айқын аталмыш кинотуындыны қаржыландырып қана қоймай жары Жұлдызбен бірге басты рөлді сомдаған.

Карантин кесірінен фильмі кейінге шегерілген Төлепберген продюсерліктің ел білмейтін сырларын ашты, деп хабарлайды Shownews.kz.

Бір ай бұрын елорда төрінде көрерменге лық толы залда кеш өткізген Айқын бұл жолы тыңдармансыз концерт берді. Студияға аспаптарын арқалап келген музыканттың мақсаты –карантинде халықтың көңіл-күйін көтеру. Десе де тікелей эфирде қошеметсіз ән салу Төлепбергенге аса жаға қоймаған секілді.

“Шыны керек, жетпей жатырсыздар. Себебі бір жақты болған өте қиын екен. Концерт деген екі жақтың энергия алмасуында. Сен ән айтып, энергетиканың бәрін көрерменге бересің, көрермен саған қошеметін береді. Сол жағынан кішкене қиындау да, бірақ енді бәріне үйренеді екенсің. Енді «әу» демейтін қазақ жоқ қой, домбырамды алып келдім: «ей, домбырамды берші маған». Негізі көп қалжыңдап концерт беруші едім,ешкім күлмегендіктен бүгін қалжыңым өтпей жатыр”, – дейді Айқын Төлепберген.

Түрлі аспаптарда ойнайтын әмбебап әртістің алғашқы некесінен екі баласы бар, қазіргі отбасында да ұлы мен қызы өсіп келеді. Айқынның айтуынша, төрт перзенті де өнерге бейім! Келешекте әке жолын қуса, таң қалмаңыз!

“Енді үлкен ұлымның жасы сегізде. Енді білетін де, білмейтін де адамдар бар шығар, менде негізі 4 бала бар. Үлкен ұлымның аты – Аңсар жасы сегізде, одан кейін Асылым – 3,5 жаста, одан кейін Санжар «Санкобай» – 2,5 жаста және ең кішкентайы Айя – қазір 8 айлық. Бәрі өнерге жақын, шыны керек. Аңсар ұлым спортқа жақын, домбырамен ән айтады, кішкентай балаларым музыка  болса билеп тұрады, слухтары да бар, ән шырқайды. Бірақ кімнің өнер адам болатын ешкім білмейді, оны уақыт көрсетеді, өздері біледі өскенде”, – дейді әнші Айқын.

Дәл осы ән – Төлепберген таспалаған фильмнің саундтрегі ретінде таңдалған болатын. Айқын аталмыш кинотуындыны қаржыландырып қана қоймай, жары Жұлдызбен бірге басты рөлді сомдаған. Ал сәуір айында жарыққа шығуы тиіс комедия– карантин кесірінен кейінге шегерілді.

«Продюсер болған қиын емес, ақшаң болса болды» – десең иә. Негізі қиын, иә, себебі кино түсіру деген, кино әлемі деген басқа әлем екен. Бірақ маған ұнады. Ең бастысы соңғы бір жыл бойы мен «кино, кино, кино» деп жүрдім, сол себепті концерттер де көп болған жоқ. Киноның ар жақ бер жағында жүрдім. Керемет сценарий жаздырдық, сценарийді бүкіл Қазақстанның сценаристері жазған шығар. Себебі бір сценариймен қанағаттанбай, оны басқа сценаристерге көрсетіп, оны өзгертіп, бір жыл сценарий жаздық сөйтіп”, – дейді Айқын Төлепберген.

Иә, өткен жылы продюссерлікке бет бұрған өнер өкілі бұл жылы да көпшілікке жаңа талантымен танылмақ. Әрдайым ізденісте жүретін еңбекқор әртіс демалыс күндері де тынымсыз еңбек етіп, шығармашылығын әбден шыңдаған көрінеді. Дәл қазіргі таңда Айқын сазгерлік қабілетін шыңдауда.

“Бос уақытымда, үйде кішігірім студиям, микрофоным бар. Мына карантиннің жақсы бір әсері 3 ән жаздым, енді композитор болып жүрмін өзімше. Енді «Жүрегім-ақ», «Ты моя»  деген өзімнің әнім ғой. Сол сияқты тағы керемет 3 ән. Мүлде Айқын Төлепбергеннің стиліне ұқсамайтын, қазіргідей заманауи стильдегі әндер жазып жатырмын”, – дейді Айқын Төлепберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары