09.04.2020, 11:20

Карантиндегі әншілер «тақырбас челлендж» бастап кетті

Өткен аптада әншілер қауымы дәрігерлер, полицейлер мен барша отандастарына қолдау білдіре ән шырқаса, бұл жолы өз образын өзгертуге көшкен.

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары әндетуді қойып, енді образ өзгертуге мәжбүрлейтін челлендж бастап кетті. Өнер иелері жаппай шашын тақырлап алып тастауға кіріскен, деп жазады  kaz.nur.kz.

Карантин уақытында үйлерінен шықпай жатқан өнер жұлдыздары Instagram желісінде бірінен соң бірі түрлі челлендждер ұйымдастырып, оған қатысуда. Өткен аптада әншілер қауымы дәрігерлер, полицейлер мен барша отандастарына қолдау білдіре ән шырқаса, бұл жолы өз образын өзгертуге көшкен.

Бірқатар шоу-бизнес өкілдері басын тақырлатып тастап, эстафетасын өзге өнерлі әріптестеріне жолдаған. Карантинда шашын алып тастаған әртістер қатарында Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Ерғали Әбдірайымов және тағы да басқалар бар.

Оған қоса, Ердос Қанаев бастаған "тақырбас челлендж" қалың көпшілік арасында да жалғасқан. Шашын алып тастаған желі қолданушылары өзінің тақырбас болған фотосын әншіге жіберуде.